Беделділік, абыройлылық, өтімділік, ықпалдылық

lat: Bedeldilik, abyroılylyq, ótimdilik, yqpaldylyq.

Жүрген- тұрган, қызмет істеген жерінде сыйлы болушылық.

Біз балалардың: «Біздің папамыздың қолынан бәрі келеді», - дегенді мақтанышпен айтатынын естиміз. Зор беделділіктің белгісі емес пе? («Семья тәрбиесі»).

Халқына қалтқысыз қызмет етіп, өзінің тынымсыз адал еңбегінің арқасында абыройлылыққа ие болатынын тәжірибе көрсетіп отыр (Қ. Қуанышбаев).

Өзінің өтімділігін байқағаннан кейін Жұмабек енді бұрынғыдан да еркінсіді (Т. Ахтанов).

Отырықшы жұрттың тұрмыс-тіршілігінің ықпалдылығы арқасында қазақ кедейлері де жер кәсібімен айналыса бастады (М. Ақынжанов).